Accessibility links

Орталық банктер қаржы дағдарысымен күреспекші


Әлемнің ірі орталық банктері ғаламдық қаржы нарықтарындағы дүрбелең жағдайды тыныштандыру мақсатында бірлесіп әрекет ететіндерін айтты. АҚШ-тың Федералдық қор жүйесі “өсіп бара жатқан қысыммен” күресу үшін нарыққа 180 миллиард доллар құятынын хабарлады. Келісімге сәйкес, Еуропаның орталық банкі мен Англия банкі және Швейцарияның ұлттық банкі алғашқы рет қаржы мекемелеріне ақшалай жәрдем беруді ұсынатын болады. АҚШ-тың инвестициялық Lehman Brothers банкі тығырыққа тірелуінен кейін ғаламдық қор биржалары одан әрі құлдырап жатыр.
XS
SM
MD
LG