Accessibility links

Медведев Ресей қаржы жүйесін қолдауға шақырды


Ресей президенті Дмитрий Медведевтің мәлімдеуінше, елдің қаржы нарықтарындағы жағдайды тұрақтандұру үшін үкімет шамамен 20 миллиард доллар бөлуі керек. Ресейдің қор биржалары екінші күн жабық тұр. Қаржы министрі Алексей Кудриннің хабарлауынша, елдің негізгі қор биржасындағы сауда жұма күні қайта басталады. Кез келген экономикалық тепе-теңдіктің бұзылуының алдын алуға Ресейдің жеткілікті қорлары бар, дейді Медведев. Оның айтуынша, билік орындары қажет болған барлық шараны қолға алуға дайын тұр.

“Қаржы жүйеміздің тұрақтылығын сақтау Ресей билігінің басты мақсаты болып табылады. Әзірше осы ең негізгі мәселе болып тұр”, - дейді Медведев.

Талдаушылардың есептеуінше, тамыз айынан бері инвесторлар Ресейден шамамен 36 миллиард доллар ақшаны қайтарып алған.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG