Accessibility links

Шерушілер Париждегі түркмен елшілігіне келді


20-ға жуық шеруші Франциядағы Түркменстан елшілігіне басып кіріп, түркмен елшісімен немесе Париждегі Орталық Азия-ЕуроОдақ форумына қатысып жатқан Түркменстанның Сыртқы істер министрімен кездесуді талап етті. Бұл шеруді Парижде орналасқан Шекарасыз репортерлер тобы ұйымдастырып отыр. Елшіліктің ғимаратына кіре алған Азат Еуропа / Азаттық радиосы тілшісінің хабарлауынша, ғимараттың есігі ашылған кезде шерушілер елшілікке басып кірген. Франция полициясы оқиға болып жатқан жерге жетіп келген. Бірақ олар “елшілік түркмен территориясы деп есептеледі, сондықтан оған кіруімізге болмайды” деп, бұл жағдайға араласудан бас тартқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG