Accessibility links

Ресей НАТО-ға ескерту жасады


Егер НАТО-ға мүше елдер Ресейге “дұшпандық” саясатын тоқтатпаса, осы одақтың Ауғанстандағы операциясы үшін Ресей кеңістігін пайдалануына Мәскеу тосқауыл қоюы мүмкін. Ресейдің Кабулдағы дипломаты Замир Кабулов бүгін Би-Би-Си-ге берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. НАТО өз жабдықтарының көбісін Ауғанстанға Пәкістан арқылы импорттайды бірақ ол кей жүктерін Ресей кеңістігінен өткізеді. НАТО өткен айда Грузиямен соғысқан Ресейді сынаған болатын. Бұл ресми Мәскеудің ашуын келтірді. НАТО ресмилері сондай-ақ Грузия ақыр аяғында осы одаққа қосылады деп мәлімдеген тұғын. Ал Ресей НАТО-ның кеңеюіне қарсы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG