Accessibility links

Шағын несие мекемелері шетелдік инвестициядан дәмелі


Қазақстандағы шағын несие мекемелерінің Ассоциациясы мен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры шетелдік ірі инвесторлар Қазақстанның шағын несие мекемелеріне қаржы бөледі деп үміттенеді.

«Біздің кейбір мүшелеріміз қазірдің өзінде шетелдік ірі инвесторлардың қаржысын пайдаланып отыр. Бірақ әзірге ондайлардың саны аз, ал біз бұны жүйелі жолға қойғымыз келеді», - деді Ассоциацияның директорлар кеңесінің төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Биылғы жылдың басындағы ресми дерек бойынша, Қазақстанда кәсіпкерлерге шағын несие мекемелерінің берген несие көлемі 44 млрд теңгеден асқан.

XS
SM
MD
LG