Accessibility links

Үкімет Қашағанға қатысты тағы бір талап қойды


Егер Agip KCO консорциумы 2013 жылдың 1-ші қазанына дейін Қашаған кенішінен коммерциялық мақсатта мұнай өндіру жұмысын бастамаса, онда Қазақстан тарабы консорциумның жобаға кеткен шығынын өтеуді тоқтататын болады. Бұл туралы кеше Атырауда осы жобаға қатысып жатқан италияндық «ENI» компаниясында өткен жиыннан соң журналистерге Қазақстанның Энергетика және минералдық ресурстар министрi Сауат Мыңбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған мерзімде Қашағаннан тәулігіне 450 мың баррель мұнай өндіруге қол жеткізу жоспарланып отыр.

«Ол шығын ондаған млрд долларды құрайды, ал жобаға қатысып жатқандар ақша санауды жақсы біледі, сондықтан мұнай өндіруді бастау мерзімі енді кейінге ысырылмайды және аталған көлемде мұнай өндіріледі деген сенімдеміз», - деді министр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG