Accessibility links

Мемлекеттік тіл мәселесі талқыланды


Бүгін Астанада Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Украинаның Қазақстандағы елшілігі бірлесіп ұйымдастырған жиында екі елдегі мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың іс-тәжірибелері сөз болды.

«Мемлекеттік тілді іс жүзінде қолдануда Украина үлкен табыстарға қол жеткізгені бізге мәлім. Ол елдегі барлық ресми органдарында іс жүргізу мемлекеттік тілге көшірілген. Украинадағы секілді, Қазақстанның алдында қазақ тілін мемлекеттік басқару мен заң шығару саласында пайдаланылатын мемлекеттік тіл дәрежесіне жеткізіп қана қоймай, қоғамдық қатынастарда да кеңінен қолданыста болатын тілге айналдыруға қол жеткізу міндеті тұр», - деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Дархан Мыңбай.


XS
SM
MD
LG