Accessibility links

Оппозиция белсендісі абақтыдан шықты


Қазақстанда тіркелмеген «Талмас» қоғамдық ұйымының жетекшілерінің бірі Айнұр Құрманов сот шешімімен өзіне берілген әкімшілік жазаны толық өтеп шықты. 15 тәулік бойы Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің жанындағы әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстайтын арнайы қабылдау орнында қамауда отырған Құрманов бүгін сағат 12-де босатылды.

Ол 30-шы тамыз күні Алматының орталығында билікті мысқылдап, әжуалайтын акция өткізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылып, абақтыға жабылған болатын.


AzattyqTV

XS
SM
MD
LG