Accessibility links

АҚШ үкіметі қаржы саласын реттеуге кірісті


АҚШ үкіметінің ел экономикасына араласуынан кейін, жұма күні дүние жүзінің қор биржаларында акциялар күрт көтерілді.
Dow Jones индексі бейсенбі күнгісімен салыстырғанда бірден 300 сатыға өсті. Сарапшылар бұл құбылысты АҚШ үкіметінің ипотекалық банктерді құтқару жоспарын жариялауымен байланыстырады.
Осы жопарға сәйкес, ипотекаға берген несие қаржыларын қайтара алмай, дағдарысқа ұшыраған банктерді АҚШ үкіметі сатып алады.
АҚШ-тың қаржы министрі Генри Поулсон мәлімдегендей, жоспар 500 миллирад доллар немесе одан да көп шығынды қажет етеді, бірақ жаппай қаржы дағдарысынан сақтайды.
Жоспар АҚШ Конгресі мақұлдаған соң күшіне енеді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG