Accessibility links

Пентагон Ресейді қатер төндіруші деп санайды


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Ресейді демократиялық шағын елдерге қауіп төндіреді, бірақ Совет Одағы сияқты бүкіл әлемге қатер бола алмайды деп мәлімдеді.
Бұл сөзін Гейтс жұма күні кешке Англияның Оксфордына жақын Бленхэйм Пэлэс мекенінде айтты.
АҚШ министрінің пікірінше, Кремлдің қазіргі саясаты бүкіл әлемді билеуді емес, “жақын шетелге үстемдік” орнатуды көздейді.
Р.Гейтс Ресейдің Кавказдағы таяуда жүргізген соғыс операциясын “уақытша жеңіс” деп бағалап, келешекте Кавказдың осы аумағындағы Ресейдің шығыны әлдеқайда зор болады деп атап көрсетті.
Осы күні Ресей президенті Дмитрий Медведев мәлімдегендей, Мәскеу Батыстың қысымына жүрмейді немесе Грузиядағы соғысқа бола оқшау қалмайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG