Accessibility links

Беларустағы сайлауда бәсекелестік болмайды


Беларустағы сайлауалды науқаны шынайы бәсекелестік жоқ жағдайда өтіп жатыр. Халықаралық бақылаушылар осылай деп санайды.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары мәлімдегендей, сайлауға деген дайындық көбіне ресми биліктің қатаң қадағалауымен өтіп жатыр, оппозициялық үміткерлердің баспасөзді еркін пайдалануына мүмкіндік берілмеген.

Беларуста парламент сайлауы 28 қыркүйекте өтеді. Президент Александр Лукашенко Еуропа Одағымен қарым-қатынасын жақсартуға уәде беріп, Батысты сайлаудың нәтижесін мойындауға шақырды.
XS
SM
MD
LG