Accessibility links

Пәкістан өз жерін АҚШ соққысынан қорғауға дайын


Бүгін Исламабадта Пәкістанның жаңа президенті Асиф Әли Зардари парламентте сөз сөйлейді. Бұл оның 9 қыркүйекте президент болып сайлануынан кейін парламентте бірінші рет сөйлеуі болады.
Президенттің не айтатыны туралы ресми хабар жоқ. Алайда, бақылаушылардың атап көрсетуінше, Зардари АҚШ армиясының көрші Ауғанстаннан Пәкістанның шекара аумағына соққы беруінің жиілеп кеткен кезінде сөйлемекші.
Пәкістан армиясының басшылығы АҚШ-тың бұл әрекетіне қарсы болып, Пәкістанның егемендігін қорғайтындарын ескертіп үлгерген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG