Accessibility links

Пәкістандағы шабуыл үшін тәліптер айыпталуда


Исламабадтағы Marriott қонақ үйінде орын алған жарылыстың артында Әл-Қаидаға қатысы бар Талибан бүлікшілері тұр. Бұл туралы Пәкістанның Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Оқиға болған жерде құтқару жұмыстары одан әрі жалғасуда. Сенбі күнгі жарылыстан кемінде 53 адам қаза тапты, олардың арасында Пәкістандағы чех елшісі де бар. Сонымен қатар 270-тен астам адам жарақат алды. Әлем елдерінің басшылары бұл шабуылды айыптап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG