Accessibility links

Қазақстан Грузиядағы жоспарынан бас тартты


Қазақстан саяси тұрақсыздыққа байланысты Грузияның Поти портында астық терминалы жоспарынан бас тартты.
Бүгін парламент отырысында сөйлеген сөзінде ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев министрлік инвестиция жоспарын жүзеге асырмайтындығы жөнінде үкіметке хат жолдады деп мәлімдеді.
Орталық Азияның ең ірі астық өндірушісі болып табылатын Қазақстан экспорт жолдарын түрлендіру мақсатында Қара теңіздегі Поти портында терминал салуды жоспарлаған-ды.
Бұған дейін Қазақстан Тбилиси - Мәскеу қақтығысынан кейін, Грузиядағы инвестициясына қауіп төніп тұрмағандығын айтып келген еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG