Accessibility links

Қазақстан мен Ресей президенттері - Ақтөбеде


Д.Медведев пен Н. Назарбаев Ақтөбеде кездесті, 22 қыркүйек, 2008 жыл
Д.Медведев пен Н. Назарбаев Ақтөбеде кездесті, 22 қыркүйек, 2008 жыл

Бүгін дәл түс мезгілінде Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевтің ұшағы Ақтөбе әуежайына қонды. Медведевті Ақтөбе әуежайында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Нұртай Әбіқаев пен вице-премьер Өмірзақ Шүкеев қарсы алды.

Қарғалы өзенінің жағасында орналасқан резиденцияда Н. Назарбаев пен Д. Медведев кездесіп, екіжақты келіссөздер жүргізді.
Екі елдің мемлекет басшылары бірге түстеніп, осыдан соң қазақ-ресей тауар өндірушілерінің көрмесіне, жаңадан салынған православ шіркеуі мен орталық мешітке бармақшы. Медведевтен бірер сағат бұрын губернаторлар да келіп жетті.

Н. Назарбаев Ақтөбеге кеше кешкілік Астана уақытымен сағат жетілерде барды. Ол бүгін түске дейін рентген жабдықтарын шығаратын зауыт пен жаңадан салынған «Алатау» сауда және ойын -сауық кешенін көрді.

Бүгін кешкісін шекаралас аймақ басшыларының кезекті V форумы өз жұмысын бастауы тиіс. Бұл жыл сайын өткізілетін экономикалық ауқымдағы шара. Негізінен осыған дейінгі кездесулерде әкімдер мен губернаторлар экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бойынша ұзақ мерзімді бағдарламаларға қол қойған.
Қазақстанның сыртқы сауда айналымында 20 %-тік үлесті Ресей кәсіпорындары құрайды.
2007 жылғы екі мемлекет арасындағы сыртқы сауда айналымы – 16,3 млрд. Биылғы жылы оның көлемі 20 млрд. долларға жетеді деп жоспарланған.
«Қоныс» спорт кешенінде жоғары технологияларға арналған көрме ұйымдастырылды. Оған екі елден 300-ге жуық кәсіпорын өз өнімдерін қойды.
Шекаралас аймақ басшылары кездесуінен соң, Ресей президенті көп бөгелместен аттанып кетеді деп жоспарланған.
Әзірге бізге жеткен мәлімет бойынша, екі ел басшыларының қатысуымен баспасөз конференциясы ұйымдастырылмайды.

XS
SM
MD
LG