Accessibility links

Ресей кемелері Венесуэлаға барады


Ресейдің әскери теңіз кемелері бірлескен жаттығуларға қатысу үшін Венесуэлаға аттанды. Әскери теңіз флотының баспасөз хатшысы Игорь Дыгалоның хабарлауынша, ядролық “Ұлы Петр” крейсері мен тағы бірнеше кеме дүйсенбі күні Североморскіден шыққан.
Бұл кемелер Венесуэла порттарына барып, екі елдің бірлескен әскери теңіз жаттығуларына қатысады дейді Дыгало.
XS
SM
MD
LG