Accessibility links

Қазақстан делегациясы Бішкекке барды


Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Аслан Мусин жетекшілігіндегі делегация бүгін Қырғызстанда президент Құрманбек Бәкиевпен кездесті. Кездесу барысында Бәкиев екі елдің қарым-қатынастары қарқынды дамып жатыр деп мәлімдеді.
Ал Мусин сапарымыздың басты мақсаты - Қазақстан мен Қырғызстанның парламентаралық байланыстарын нығайту деп атап көрсетті.
Қазанның 10-да Бішкекте ТМД мен Еуразия экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің саммиті өтеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG