Accessibility links

Өзгертілген жоспар Пәкістан басшылығын шабуылдан сақтады


Пәкістан президенті мен премьер-министрі және әскери басшылары Исламабадтағы Marriott қонақ үйінде тамақтануды жоспарлаған екен. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Ұлттық ассамблея спикері Пәкістан басшылығына кешкі асын осы қонақ үйінде ұйымдастырмақшы болған бірақ соңғы сәтте бұл жоспар өзгертілген.
Жексенбі күні Marriott қонақ үйінде орын алған жарылыстан кемінде 53 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған еді.
XS
SM
MD
LG