Accessibility links

Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ на төраға болған кезде бірқатар мәселелермен бетпе-бет келетінін елдің қорғаныс саласы мамандары, саясаткерлер, депутаттар осы ұйым өкілімен бірге жан-жақты талқылады.

Соның бірі, қақтығыстардың алдын-алу және болдырмау жөніндегі стандарт қазіргі таңда ЕҚЫҰ на мүше Грузия мен Ресей тарапынан орындалмай отыр. 2010 жылы ұйымға жетекші мемлекет ретінде Қазақстан барлық жауапкершілікті мойнына алған кезде мұндай оқиғалар қайталанса, жұмыс істемеді деп Қазақстанды айыптауы мүмкін.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғани Қасымов:
- Біз бұл мәселені ертең алдымыздан шықпас үшін көтеріп отырмыз. Бір ұйымға мүше елдердің бірлігі жоқ. Әркім әр жаққа тартады. Қақтығыстардың алдын- алу және болдырмау туралы 18- тарауда айтылған. Ендеше, неге алдын алмайды? Грузия да, Ресей де, АҚШ та ұйымға мүше елдер ғой. Енді неге келісімге келе алмай отыр. Ешкім орындағысы келмейтін стандарттармен төрағалық ету өте қиын болады. Сондықтан, Қазақстан ұйымға төраға болған кезде осындай мәселелер шықса, біз бұл туралы айтқан ескертулерімізді алға тартатын боламыз. Ұйымның стандарттарын сақтамайтын мүше мемлекеттерге қатысты ескерту жасау ескерілген ешбір бап жоқ. Кез-келген ұйымның қабылданған құжаттарының орындалуы мен оның жауапкершілігі болады. Ал, мұнда мен ондай жауапкершілікті көріп тұрған жоқпын..
ЕҚЫҰ саяси ұйым ретінде кеңесшілік рөл атқарады. Ал, ұйымның стандарттарына әр мемлекет өз мүддесі тұрғысынан қарайды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәт Тоқпақбаев:
- ЕҚЫҰ- ның шешімдерінің жүз пайыз орындалуы міндетті емес. Себебі бұл ұйым болуы мүмкін жағдайларға кеңес береді. Яғни, арағайындық жасайды. Ұйымның белгіленген шарттарына әр ел өзінің оң жамбасына келетін жағынан қарайды.
Қазақстан бүгінде ЕҚЫҰ ның шарттарын орындауға барынша күш салып жатыр деп санайды Қазақстандағы ЕҚЫҰ ның бас өкілі Александр Кельчевский:
- Қазақстанда осы уақытқа дейін ешқандай қақтығыс орын алған жоқ. Қазақстан ЕҚЫҰ ның барлық құжаттық шарттарын орындауға барынша талпыныс жасап жатыр. Бұған билік тарапынан да үлкен мән беріліп отыр. Осының өзі Қазақстан үшін белгілі бір жетістік деп айтуға болады.
Саясаттанушы Әзімбай Ғалидың сөзіне қарағанда, Қазақстан ЕҚЫҰ ның мәселелерімен айналысуды қазірдің өзінде бастап кетті. Аталған ұйымды мойындамайтын, мойындаса да шарттарын толық орындамайтын елдер де бар көрінеді:
- Бүгінгі таңда Қазақстанда ЕҚЫҰ на төраға болуға қатысты біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Проблема бар. Ұйымға мүше Ресей, Өзбекстан сияқты елдер ЕҚЫҰ- ның кейбір шарттарын әлі күнге сынға алады. Және демократиялық талаптарын орындап отырған жоқ. Қазақстан да аталған ұйымның қорғаныс саласындағы шарттарын іске асырғанымен, қоғамды демократияландыру шартын орындап отырған жоқ.
ЕҚЫҰ ның ақ дегенін алғыс, қара дегенін қарғыс деп қабылдайтын Батыс елдері мен АҚШ, Канада сияқты елдер ұйымның шарттарын іс жүзінде іске асырмай отырған мемлекеттерді демократияның қоғамда үстемдік етуіне кедергі жасап отыр деген сияқты кінә тағатыны рас.
XS
SM
MD
LG