Accessibility links

Тұтқындар отбасыларымен кездеседі


Ауғанстандағы АҚШ түрмелерінде жатқан тұтқындар бүгін алғаш рет отбасы мүшелерімен кездеспекші. Мұндай мүмкіндік халықаралық Қызыл крест ұйымы мен АҚШ әскерилері арасындағы келісімшарт арқасында мүмкін болып отыр. Бұл жолы бес отбасы Бағрам әуе жайындағы түрмеде туыстарымен бір сағатқа кездесетін болады. Олар бұған дейін аталған ұйым көмегімен бейне телефон арқылы байланысып келген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG