Accessibility links

Адам өлтіртпекші болған қылмыскер жазасын алды


Ажалдан аман қалған Тере Байылдаңыз осы кісі,Қарағанды, 23 қыркүйек, 2008

Ажалдан аман қалған Тере Байылдаңыз осы кісі,Қарағанды, 23 қыркүйек, 2008

Қарағанды қаласында жалғыз басты қарттың пәтерін иемдену мақсатымен оны өлтіру үшін 700 долларға "кісі жалдаған" азаматша заң алдында жауапқа тартылды.

Қарағандыда өз құқығын аянбай қорғап жүрген Тере Байылда жалдамалы адам өлтірушінің құрбаны бола жаздады.
Пәтер иелері кооперативінің төрайымы Рима Ахмедианованың Байылданың пәтеріне көзі түсіп, жалғыз тұратын қарияны өлтіретін адам іздеп, өзінің құрбысынан ақыл -кеңес сұрайды.
Алайда құрбысы досының жаман пиғылынан сескеніп, оның әлгіндей жоспар құрып, қылмысқа жол іздеп жүрген әрекеті жайында тәртіп сақшыларына жеткізіпті.
Бұдан соң полиция қызметкерлерінің бірі "адам өлтіруші" болып әлгі азаматшаға жалданған.

Жалдамалы "адам өлтірушімен" Тере Байылданы ана дүниеге мәңгілік сапарға қалай ым-жымын білдірмей аттандырып жіберуді жоспарлаған кооператив төрайымы іс аяғына жеткенде тапсырманы табысты орындаған жалданушыға 700 АҚШ доллары көлемінде еңбекақы беретін болып қол алысады.
Кісіні өлтіргеніне айқын көзі жету үшін тапсырыс беруші жалданушыға Теренің өліп жатқан сәтін суретке түсіріп алып, әкеліп көрсетесің деген талап қойған.

Тере Байлданың "өлгені" жөнінде жалған айғақтарды қолдан құрастырып, тапсырманы орындаған "кісі өлтірушіге" еңбегі үшін келісілген ақшаны беріп жатқан жерінде, демек қылмыс үстінде ұсталған азаматшаға қарсы қылмыстық істің бірнешеуі қозғалды.
Олар: арам пиғылмен адам жалдап, кісі өлтіруге әрекет жасау, алаяқтық пен айналысып, жалған құжаттар әзірлеу деген тәрізді.
Қарағанды облыстық соты адам өмірінің құнын 7000 долларға бағалап, кісі өлтіртпекші болған азаматшаны10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сонымен бірге оның бар мүлкін тәркілеуге үкім шешім шығарылды.
Алайда қадағалау органдары іске аспай қалған қылмыс иесінe 13 жыл түрме жазасын беруді сұраған болатын.
Прокурор Эльмир Күлкеев, Қарағанды, 23 қыркүйек, 2008 жыл


-Ал ажалдан аман қалған Тере Байылда тарапынан аппеляциялық арыз түсіп, ол істі қайта қарауды талап етті. Сонымен қоса айыпталушының қорғаушысы оған тағылған жазаны жеңілдету өтінішін жасады. Сондықтан аталған қылмыстық іс Жоғарғы сотқа жөнелтілді,- дейді облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Эльмир Күлкеев

Осыдан кейін Жоғарғы сот істі қайта қарап, облыстық сот шығарған шешімге өзгерту енгізіп, айыпталушыны 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Қарағанды қаласында пәтерлерді оңай жолмен иемденіп қалуды көздейтіндердің түрлі құйтырқы әрекеттерінің бұл бірі ғана.
Мәселен қала ортасындағы пәтерінде немересімен жалғыз тұратын қарт әженің із түссіз жоғалып кеткеніне де жарты жалдан асқан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG