Accessibility links

Пәкістанда 50 содыр қаза болды


Пәкістан әскері екікүндік шайқас барысында 50-ден аса қарулыны өлтірді. Ел әскері тікұшақтар мен артиллерияның қолдауында ол шайқастарды елдің солтүстік-батысында жүргізген-ді. Дара адамхел атты қалашықтағы шайқаста үкімет әскерінің бір жауынгері қаза болған екен. Сондай-ақ үкімет әскері бұдан бұрын содырлар бақылауында болған туннелге бақылауды дүйсенбіде өз қолдарына алды. Сонымен бірге Бажаур аймағындағы шайқаста 10 содыр қаза болған екен.
XS
SM
MD
LG