Accessibility links

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында өзекті мәселелер қаралуда


Бас Ассамблея залы, Нью-Йорк,23 қыркүйек, 2008 жыл

Бас Ассамблея залы, Нью-Йорк,23 қыркүйек, 2008 жыл

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының талқылаулары басталды. Сейсенбіде АҚШ, Грузия, Иран және Франция президенттері сөз сөйледі.

Бұл жиын халықаралық жағдайда Ресейдің Грузияға басып кіруінің салдарлары, Пәкістандағы соңғы террорлық шабуылдар мен ғаламдық экономикалық дүрбелең орнап тұрған шақта болып отыр.
АҚШ президенті Джордж Буш өзінің БҰҰ Бас Ассамблеясындағы президент ретіндегі қоштасу сөзінде ұйым кезігіп отырған көптеген мәселеге тоқталды. Оның ішінде әлем елдерін терроризм мен экстремизммен күресте бірігуге шақырды, Иранның ядролық бағдарламасының артында қандай шынайы мақсат тұр, Грузияның жікшіл аймақтарында Ресейдің күштерін қалдыруы және өткен аптаның соңында Исламабадта американдық Marriott қонақ үйіне болған қанды шабуыл туралы мәселелер қамтылды.
Бірақ Бас Ассамблеяның талқылауларына әлемнің қаржы базарларындағы жалғасып жатқан дүрбелең жағдайы еніп отыр.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Буш әкімшілігінің дамушы елдерге қолдау танытудан гөрі Құрама Штаттардағы тығырыққа тірелген қаржы жүйесін қолдау үшін банктерді құтқаруға 700 млд доллар бөлу жоспарына алаңдаушылық танытты.
Буш бүгінгі өз сөзінде қаржы мәселесіне тоқталып, әлем жетекшілерін өзінің жоспары тезірек жүзеге асатын болса, ғаламдық дүрбелеңді тоқтатады деп сендіруге күш салды.
Пан Ги Мун БҰҰ-ның Мыңжылдық Даму мақсатына қажет 72 млд доллар Африкадағы кедейлікті азайтуға бөлінсе дейді.
Бас Ассамблеяда Буштан кейін Иран президенті сөз алды. Махмуд Ахмединежадтың бұл жиынға қатысу үшін Нью-Йоркке келуі наразылық шерулеріне әкелді.
Өткен жылы Ахмединежад Бас Ассамблея отырысында сөйлеген кезде АҚШ делегациясы жиынға қатысудан бас тартып, шығып кеткен. Сыртта мыңдаған адам Иранның ядролық бағдарламасына қарсылық танытқан.
Дүйсенбі күні БҰҰ-ның ғимараты жанында еврей топтары ұйымдастырған шеруде 2 мыңдай адам Иран жетекшісін БҰҰ-ның бас пәтеріне кіргізбеуге шақырды. Ол шерушілердің бірі былай дейді:
“Бұл кездесудің мақсаты Иранның ядролық қару иеленуін тоқтату. Бұл осындай қарапайым мақсат. Егер Иранның ядролық қаруы болса, ол Израилды жояды, келесі Америка болады. Бұл жерлерде олардың айтуынша, үлкен және кіші сайтан бар. Израиль кіші сайтан, Америка үлкен сайтан деп оларды құртып жіберуі мүмкін”.
Құрама Штаттар алдағы отырыстарды Қауіпсіздік Кеңесінің Иранға жаңа санкциялар енгізу бойынша қарарын алға тартатын болады. Бірақ Иран мен Қытай бұл ұсынысты қолдамай, Теһранның ядролық жұмысын тоқтату үшін дипломатиялық жолды ұстанғанын дұрыс көріп отыр.
Бұл екі елдің қолдап отырған мәселесі ол - Ауғанстан бойынша болды. Қауіпсіздік Кеңесі Ауғанстанда алдағы жылдарға халықаралық күштерді қалдыру керек және әлем елдері бұл жердегі тұрақсыздыққа қатысты өз міндеттемелерін орындауы тиіс деген мәселеге бірауыздан қолдап дауыс берді.
Дүйсенбі күні БҰҰ-дағы Ресей елшісі Виталий Чуркин ресми Мәскеу Ауғанстанда халықаралық күштердің қалғанын қолдайды деп мәлімдеді.
“Ресей терроризммен күреске және Ауғанстандағы Талибанмен шайқасқа халықаралық күш-жігер қосу аса маңызды деп таниды. Сондықтан біз бүгін бұл қарарды бірауыздан қабылдағанымызға қуаныштымыз”.
Ал Грузия жағдайы мүлде басқа болып отыр. Президент Буш тағы да Грузияның жікшіл аймақтары Оңтүстік Осетия мен Абхазияда Ресей өз күштерін қалдырып отырғанын айыптамақшы. АҚШ президенті кезекті рет Грузия үкіметіне қолдау танытып, Ресей әскерін тезірек бұл аймақтан шығаруға шақырмақшы. Саакашвили де өз сөзінде дәл осындай сөздерді айтатыны белгілі.
Сөз сөйлейтіндер тізіміндегі Франция президенті Николя Саркози Ресей мен Грузия арасында бейбіт келісім жасап, Сирияның саяси оқшаулануын тоқтатуға бастамашы болып, халықаралық сахнада негізгі ойыншы ретінде өзін танытып келеді.
XS
SM
MD
LG