Accessibility links

«ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорынды күшейтті


«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз активтерінің 25 пайызын Қашаған жобасындағы Қазақстанның үлесіне иелік ететін KMG Kashagan B.V. еншілес кәсіпорнына енгізбек. Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық «Самрұқ» холдингі акционерлік қоғамының директорлар кеңесі осындай шешім қабылдады. «ҚазМұнайГаздың» акциялар пакеті толықтай осы холдингтің иелігінде.

Қашаған кенішін игеріп жатқан Agip KCO консорциумы мен Қазақстан Үкіметі арасындағы соңғы жасалған келісімге сәйкес, жобадағы «ҚазМұнайГаздың» үлесі 8,33%-дан 16,81%-ға дейін ұлғайтылып, кеніштен коммерциялық мақсатта мұнай өндіру жұмыстары 2013 жылғы қазанда басталатын болып белгіленді. Бұл осымен үшінші мәрте кейінге сырғытылған жаңа мерзім болып отыр.


XS
SM
MD
LG