Accessibility links

АҚШ Пәкістанның әуе кеңістігін бұзуда


Бүгін Пәкістан армиясы мәлімдегендей, АҚШ-тың пилотсыз ұшатын барлау ұшағының апатқа ұшыраған себебі анықталды. Тыңшы ұшақ ауған шекарасына жақын ауданға құлаған еді.
Пәкістан армиясының өкілі Мұрад Хан мәлімдегендей, апатқа техникалық ақау себеп болғанға ұқсайды.
Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, ұшақты жергілікті тайпалар мен қауіпсіздік күштері атып құлатты. Бірақ Американың шенеунектері пилотсыз ұшағынан айрылғанын растамады.
Одан 2 күн бұрын АҚШ-тың 2 соғыс тікұшағы Пәкістанның әуе кеңістігіне бұзып кіріп, оларды қауіпсіздік күштері оқ жаудырып қуған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG