Accessibility links

Қазақстанда оппозиция жетекшілері қудалануда


Қазақстандағы саяси оппозиция белсенділері Болат Әбілев пен Әміржан Қосанов, Владимир Козлов пен Асылбек Қожахметов аса ауыр қылмысты жасырды деп күдіктеліп отыр. Ол туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Бағдад Қожахметов хабарлады.
Оның мәлімдеуінше, осы 4 саясаткерге қарсы тергеу басталды.
«Қазақстанның құқық қорғау мекемесі аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған күдіктілердің паналаған мекенін осы азаматтардың жасырғаны және оларға белсенді түрде көмектескені анықталды», -деп мәлімдеді Бағдат Қожахметов.
Оппозициялық “Азат” партиясының серкесі Болат Әбілов:
- Kісі өлтіруші сотталған жоқ, Ресейде еркін серуендеп жүр. Біздің бұл іске қандай қатысымыз бар? –деп таңданады.
XS
SM
MD
LG