Accessibility links

Грузин оппозициясы "ҚазТрансГаз"-ды айыптайды


Грузияның оппозициядағы Еңбек партиясы қазақстандық "ҚазТрансГаз" компаниясын елден қуып, оның активтерін мемлекет меншігіне қайтаруды талап етеді.
Тбилисидің табиғи газ тарату желісі "ҚазТрансГаз" компаниясының басқаруына қарайды. Сәрсенбі күні өткізген баспасөз-мәслихатында Еңбек партиясы жетекшілерінің бірі Паата Джибладзе:

- Еш ескертусіз 1 тамыздан бастап "ҚазТрансГаз" фирмалар үшін ғана емес, тұтынушылардың өзге топтары үшін 1 текше метр газдың бағасын 50 тетриден немесе 35 центтен 70 тетриге дейін көтерді. Міне сондықтан да біз ол компанияны елден қуып, оның активтерін мемлекеттің меншігіне қайтарып алуды талап етеміз, - деп мәлімдеді.

"ҚазТрансГаз" қазіргі үкіметтің көмегімен грузиндерді тонау үстінде, осылай тонауға үкіметтің өзі де де мүдделі деп мәлімдейді Паата Джибладзе.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG