Accessibility links

Өркениеттер альянсының идеясын дамытуда Қазақстанның да үлесі бар - Сыртқы істер министрлігі


ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Марат Тәжин 24-ші қыркүйек күні БҰҰ-ның штап-пәтерінде өткізілген Өркениеттер альянсының достары тобының сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысып, сөз сөйледі. М.Тәжин өз баяндамасында Қазақстанның аталған альянстың идеясын дамытуға маңызды үлес қосып отырғанын айтып, президент Назарбаевтың бастамашылдығымен Астанада өткізіліп тұратын дәстүрлі діндер басшыларының съезін мысалға келтірді.

Қазақстан БҰҰ-ның қамқорлығымен құрылған Өркениеттер альянсының достары тобына 2005 жылдан бері мүше. Бүгінде бұл топқа әлемнің 78 мемлекеті мен 13 халықаралық ұйым кіреді.
XS
SM
MD
LG