Accessibility links

Орыс агенттері Чехияда іс-қимыл жасады деп айыпталды


Чехияның қарсы барлау қызметінің хабарлауынша, Чех республикасындағы Ресей тыңшылары жоспарланып отырған АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесіне байланысты қоғамның қарсылығын күшейтуге тырысты. Ресей агенттері соңғы жылы Чехиядағы үкіметтік емес ұйымдар мен саясаткерлер және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысып, Праганың шетінде орналастырылайын деп жатқан радар жөнінде сөйлескен, дейді чехиялық қарсы барлау қызметі.

Ресми Кремль әлгі зымыраннан қорғаныс жүйесі Ресейдің ұлттық мүддесіне қауіп төндіреді дейді. Чех үкіметі АҚШ-пен арадағы келісімді мақұлдады бірақ оны әлі парламент бекітуі тиіс.
XS
SM
MD
LG