Accessibility links

Екі елдің Сыртқы саяси ведомстволарының кеңесі өтті


Астанада Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік республикасы Сыртқы саяси ведомстволарының бірлескен кеңесі өтті. Онда екі мемлекеттің арасындағы ынтымақтастық пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылдың қыркүйегінде Бразилияға жасаған мемлекеттік сапары барысындағы келісімдердің орындалуы талқыланды, - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанға жасаған сапарлары барысында бразилиялық делегация Президент әкімшілігінде, Көлік және коммуникация, Ауыл шаруашылығы мен Қоршаған ортаны қорғау министрліктерінде кездесулер өткізді.
Екі мемлекеттің арасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылы орнады. Ал 2006 жылы Астана қаласында Бразилия елшілігі ашылды. 2008 жылдың бірінші жарты жылдығында екі елдің арасындағы тауар айналымы 97 миллион долларға жетті.
XS
SM
MD
LG