Accessibility links

Жамбылда астық аз жиналды


Өткен жылмен салыстырғанда, биыл Жамбыл облысындағы астық төрт есе аз жиналған-деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Жиналған астықтың жалпы қоры 109,9 мың тонна болса, орташа шығымдылық әр бір гектардан 6,5 центнерді құрап отыр. Салыстыратын болсақ, 2007 жылғы астық – 409 мың тоннаға, ал орташа шығымдылық бір гектардан 12,9 центнерге жеткен болатын.

«Биылғы астықтың аз болуына алқаптардағы ылғалдың жетіспеушілігі себеп болып отыр», - дейді мамандар. Сонымен қатар, бұл жағдайдың болуына Қырғызстан тарапының екі мемлекеттің арасындағы су мәселесіне байланысты жасалған келісім-шартты толығымен орындамауы әсер еткен. Ал жамбылдық диқандар бұрын-соңды мұндай «рекордтық» төмен астық болмағанын айтып отыр.

XS
SM
MD
LG