Accessibility links

Тараз тұрғыны өз-өзін өртеді і


Тараз қаласында адамдар көп жиналатын саябақтың жанында бір адам өз-өзін өртеп жіберді- деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Кәугерлердің айтуынша, ол өзінің үстіне солярка құйып, өрт қойған. Төртінші дәрежелі күйік жарақатын алған ол – ауруханада көз жұмды. Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл азамат жүйке аурулары диспансерінде тіркеуде тұрған екен. Полицейлер оқиға орнынан сіріңке, солярка құйылған шөлмек тауып, куәгерлерден жауап алды.
Жыл басынан бері Жамбыл облысында адамдардың өз-өздеріне қол жұмсауының 72 фактісі тіркелген. Ал 2007 жылы бұл көрсеткіш 89-ға жетіпті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG