Accessibility links

Ресей мен Венесуэла басшылары кездесті


Венесуэла президенті Уго Чавес бүгін Орынборда Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездесті. Мақсат - қос ел байланысын нығайту. Кездесуден кейін президенттер энергия және әскери әріптестік келісімдеріне қол қою рәсіміне қатысты. Ресей үкіметінің басшысы Владимир Путин кеше Чавеспен Мәскеуде кездесті. Путин кездесу барысында Ресейдің Венесуэлаға ядролық энергия көздерін дамытуға көмектесіп және Ресей қару-жарағын сатып алуы үшін Венесуэлаға бір миллиард доллар шамасында қарыз беретіндігін айтқан еді.
XS
SM
MD
LG