Accessibility links

Азиада спорт ғимараттарын Австрия салуы мүмкін


Австрияның кәсіпкерлері 2011 жылы Қазақстанда өтетін Азия ойындарының спорт ғимараттарын салуға қызығушылық танытқан. Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, ол туралы Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері тақырыбы бойынша Австрияның Линц қаласында болып өткен семинарда осы ел іскерлерінің өздері мәлімдеді.
Семинарға қатысушылар, сонымен қатар, құрылыс материалдарын шығару, Қазақстанның темір жол саласын дамыту, Атыраудың теңіз портын салу, ауылшаруашылығы мен туризмге қатысты инвестициялық жобаларға да қызықты.
Семинар Австрияның федералдық президенті Хайнс Фишердің Астанаға сапары қарсаңында ұйымдастырылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG