Accessibility links

Пентагон Пәкістандағы ахуалды “қауіпті” деп санайды


АҚШ-тың штаб бастықтарының бірлескен комитетінің төрағасы, адмирал Майк Маллен Пәкістанның Ауғанстан шекарасына жақын аудандарындағы соңғы оқиғаларға байланысты Пәкістандағы ахуалды “өте күрделі әрі қауіпті” деп сипаттады. Сонымен бірге адмирал АҚШ пен Пәкістан әскерлерінің тәліптерге қарсы бірлескен күресі жалғасады деп үміттенеді.
Ауғанстанда тәліптерге қарсы соғысқан АҚШ армиясы Пәкістанның шекара аумағына да өтіп тұрады. Ресми Исламабад өзінің егемендігіне қол сұқты деп санап, оған үзілді-кесілді қарсы шықты.
Бейсенбі күні ауған-пәкістан шекарасында АҚШ пен Пәкістан жауынгерлері өзара атысып қалды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG