Accessibility links

Ұрланған 150 ауған жұмысшысы түгел босатылды


Ауған шенеунектері осыдан 1 апта бұрын ұрланған барлық 150 жұмысшының түгел босатылғанын хабарлады.
Олардың 118-і өткен жұма күні, қалғандары сенбі күні жіберілді.
Өткен жексенбі күні қарақшылар Фарах өлкесіндегі құрылыс алаңынан 150 жұмысшыны ұрлап кеткен болатын. Олар армия бекінісін салуға жалданған.
Кісі ұрлаушылар өздерін тәліптерміз деп атаған, бірақ Талибан қозғасының өкілдері кісі ұрлауға қатысы жоқтығын мәлімдеді.
Өлке әкімі Рохулла Әминнің айтуынша, тайпа ақсақалдары араша түскен соң, қарақшылар бейбіт жұмысшыларды босатқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG