Accessibility links

Қытай – ғарыш кеңістігіне адам шығарған үшінші ел


Қытай ғарышкері ел тарихында тұңғыш рет ғарыштағы ашық кеңістікке шықты.
Қытай мемлекеттік теледидары хабарлағандай, ғарышкер Чжай Чжиганг бос кеңістікте 15 минуттай қалқып ұшқан соң, ғарыш кемесіне аман оралды.
Ол құны 4 млн. доллар, салмағы 120 келі болатын скафандрды сынақтан өткізуге және “Шэньчжоу-7” ғарыш кемесінің сыртында ғылыми зерттеу жүргізуге тиіс болатын.
Қытай 2003 жылдан бері ғарышқа адамы бар үшінші ғарыш кемесін ұшырды.
Қытай, сонымен қатар, ғарышқа өз азаматын ұшырған Ресей мен АҚШ-тан кейінгі үшінші мемлекет.
XS
SM
MD
LG