Accessibility links

Конгресс құтқару жоспарымен келісті


АҚШ заң шығарушылары банк секторын қаржы дағдарысынан шығаруға бағытталған 700 миллиард доллар қаржы бөлу турасындағы көмек жоспарының негізгі шарттарын мақұлдады.

Банктердің өтпей жатқан активтерін сатып алуды көздейтін бұл жоспарды АҚШ үкіметі ұсынған болатын.

Қаржы министрі Генри Полсон сенбі күнгі келіссөздерде Конгрестің қос палатасының өкілдерімен бірқатар мәміле жасалды деген еді.

АҚШ президенті Дж. Буш депутаттарды жоспарды тезірек қабылдауға шақырған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG