Accessibility links

БҰҰ-ның Бас Ассамлбеясында талқылаулар жалғасуда


Кеше кешкісін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Қазақстан сыртқы істер министрі Марат Тәжин ғаламдық климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау, этникалық қақтығыстар, территориялық жанжалдар және азық-түлік бағасының қымбаттауы сияқты ғаламдық мәселелерді шешудегі Қазақстанның рөліне жан-жақты тоқталды.
Осы тұрғыда атқарылып жатқан шаралар турасында айта келіп, министр қыркүйек айының басынан Қазақстанның астық экспортына салынған шектеуді алғанын атап көрсетті.

-2010 жылы ЕҚЫҰна төрағалық етуге, ал 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымы министрлерінің форумын Астанада өткізуге дайындалып жатқан Қазақстан бұл мүмкіндіктерді әлемде төзімділік пен ынтымақтастықты ұлғайту, дискриминацияның кез келген түріне жол бермеу мақсаттарына пайдаланатын болады,- деді Марат Тәжин

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG