Accessibility links

Ресей сыртқы істер министрі АҚШ-ты сынға алды


БҰҰ-ның бас Ассамблеясында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Американың сыртқы саясатын сынап сөйледі.
Сенбі күні кешкісін Бас Ассамблеядағы жолдауында Лавров АҚШ-тың сыртқы саясатын біржақты деп атап, Американы өзінің-қимыл әрекетінде басқа елдердің көзқарас-пікірімен санаспайды деп айыптады.
Лавров тамыз айындағы соғыста Грузия Оңтүстік Осетияға қарсы агрессия жасады деп сипаттап, Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Еуропа қауіпсіздігі туралы жаңа келісім ұсынғанына баса назар аударды.
Грузия Ресейді жанжалға бастамашы болды деп айыптаған болатын.
АҚШ пен ЕуроОдақ Ресейдің Грузияға қарсы қалың әскери күш қолданғанын қателік деп айыптаған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG