Accessibility links

Жыл соңына дейін 100 орталық ашылады


Қазақстанда биылғы жылдың соңына дейін шалғайдағы елдімекендер мен ауылдардағы «Казпошта» мекемесінің жаңа үлгідегі бөлімшелерінің негізінде тұрғындарға қызмет көрсететін 100 орталық ашылады деп хабарлады бүгін өткен Үкімет отырысында ҚР Әділет министрі Зағипа Балиева.

«Ал 2009 жылы тағы да 148 орталық ашу жоспарланып отыр», - деді министр.

Осылайша, ауыл тұрғындары аудан орталығына сабылмай, өздерінің тұрғылықты жерінде әртүрлі құжаттарды рәсімдеу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Министрдің айтуынша, 2010 жылы республика бойынша 500-ге жуық тұрғынға қызмет көрсете алатын орталықтар жұмыс істейтін болады.

Қазір Қазақстанда ондай орталықтар саны – 263.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG