Accessibility links

Мүлікті жылдам тіркетуге қосымша ақша төлеу керек болады


Бұдан былай Қазақстанда жылжымайтын мүлікті 1-2 күннің ішінде мемлекеттік тіркеуден өткізгісі келгендер 58 мың теңге төлесе шаруалары жылдам бітпек. Бүгін өткен Үкімет отырысында тиісті қаулыға осындай өзгеріс енгізу туралы шешім қабылданды. Бұндай жаңа тәртіпті енгізу туралы ұсыныс айтқан Әділет министрі Зағипа Балиева осыған дейін әлгіндей жылдам қызмет түрін атқарып келген делдал компаниялар жойылып, олар тауып келген ақша енді бюджетке түсетін болады деді.

Бұған дейін министрлік азаматтарға жеке куәліктер мен төлқұжаттар дайындау ісінде қосымша төлемге әлгіндей жедел рәсімдеу тәртібін енгізген болатын. Соның нәтижесінде, қазіргі таңда республикада ондай құжаттарды жедел дайындау қызметін көрсететін фирмалар жоқ деді министр.


XS
SM
MD
LG