Accessibility links

Қаржы дағдарысы Еуропа банктеріне де жетті


Бірқатар еуропалық банктер ғаламдық қаржы дағдарысының құрбандарына айналып отыр. Ипотекалық Bradford & Bingley банкіне қатысты инвесторлар сенімін жоғалтқан соң бүгін Британия үкіметі оны мемлекет мүлкіне айналдырамыз деп жариялады. Сонымен қатар, Бенилюкс елдері (Бельгия, Нидерланды, Люксембург) Fortis деп аталатын банк және сақтандыру компаниясын құтқаруға келісті.

Бүгін президент Николя Саркози жетекші француз банктері мен сақтандыру компанияларының басшыларымен кездесіп, ғаламдық қаржы дағдарысын талқылайтын болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG