Accessibility links

Буш: Құтқару жоспары тез арада мақұлдануы тиіс


Президент Джордж Буш заңшығарушыларды АҚШ-тың қаржы жүйесіне арналған 700 миллиард долларлық құтқару жоспарын тез арада мақұлдауға шақырды. Бұл “мықты” заң жобасы АҚШ экономикасын қайта қалпына келтіруге көмектеседі дейді Буш.
Бүгін Ақ үйде сөйлеген сөзінде Буш бұл заң жобасы қазіргі қаржы дағдарысының тамырларына бағытталған деп атап көрсетті. Алайда президент аталмыш заң жобасы АҚШ-тың барлық экономикалық проблемаларын шеше алмайды деп ескертті. Буштың пікірінше, қиындықтар “біраз уақытқа” созылуы мүмкін. Бүгін Өкілдер палатасы осы заң жобасына дауыс береді.
XS
SM
MD
LG