Accessibility links

Ораза айт мейрамы басталды


Рамазан айындағы оразадан соң мұсылмандардың қасиетті мейрамдарының бірі – Ораза айты басталды. Бүгін таңертең Қазақстандағы мешіттерге жиналған жамағат айт намазына жығылып, Аллаһқа құлшылық жасады. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы "Нұр-Астана" мешітінде болып, мұсылмандарды діни мерекемен құттықтады.

Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының деректері бойынша, елдегі 15 млн тұрғын халықтың 70 пайызға жуығы ислам дінін ұстанады.


AzattyqTV

XS
SM
MD
LG