Accessibility links

Құрылыс компаниялары тексеріліп жатыр


ҚР Бас прокуратурасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен үлескерлердің құқын бұзған құрылыс компаниялары қызметінің заңдылығына байланысты тексеруді жалғастырып жатыр. Қазақстанда құрылыс саласында жұмыс істейтін 285 ұйым бар. Әзірше Бас прокуратура 154 нысан салып жатқан 104 ұйымның жұмысын тексерді. Тексеру барысында 47 ұйымның ғана құрылыс салуға арналған активтері мен жұмыс тәжірибесі бар екені анықталған. Аталған салада тәжірибесі болмағандықтан 32 құрылыс компаниясы үлескерлердің алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған. Құрылыспен айналысқан 25 ұйымның жұмысынан қылмыстық іс-әрекеттер табылған.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG