Accessibility links

Қарағандыда 177 келі есірткі тәркіленді


Бұл туралы «Қазақстан бүгін» ақпарат агенттігінің тілшісіне Қарағанды облысындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті і департаментінің баспасөз хатшысы Александр Махлов хабарлаған. Оның айтуынша Ресей Федералдық қызметі және Өзбекстан қауіпсіздік қызметімен бірігіп ұйымдастырылған «Караван» операциясының арқасында халықаралық есірткі тасымалының жолына тосқауыл қойылған. Онымен айналысқандардың ұйымдастырушылары мен белсенділері қолға түскен. Есірткілер сарымсақ салынған «Мерседес» автобусымен тасымалданып Қарағандыдан Алматыға, Астанаға және Ресейдің Новосибирск пен Петербор қалаларына жөнелтіліп түрған.
XS
SM
MD
LG