Accessibility links

Әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды


Қазақстан бойынша барлық облыстардағы қорғаныс істері департаменттері мен басқармаларында әскери-медициналық комиссиялар құрылып, 1981-1990 жылдары туған азаматтарды әскер қатарына шақырудың күзгі науқаны басталды. Әскерге шақырылушыларды Қарулы күштер қатарына қабылдау бір ай көлемінде үш деңгейде өткізіледі. Биылғы күзде әскер қатарына шақырылатын жастардың саны — 8000. Бұл осыдан екі жыл бұрынғы күзгі шақырылымға қарағанда екі есе артық көрсеткіш. Іріктеу кезінде негізгі таңдау техникалық білімі бар, әскери-техникалық мектеп түлектері мен компьтерлік сауаты бар, шетел тілдерін білетін жастар арасында жасалмақ.
XS
SM
MD
LG