Accessibility links

Жер телімдерін бөлуде заң бұзушылықтар бар


Оңтүстік Қазақстан облыстық прокоратурасы Шымкент қаласынан 10 шақырым аумақтағы жер телімдерін бөлудегі заң бұзушылықтарды анықтаған. Бұл туралы кеше өткен облыстық прокоратураның отырысында мәлім етілді, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін». Бұл жерлер тек қайта сатып жіберу үшін ғана алынған. Және жерді алу үшін ешқандай қаржы салынбаған. Жер алуға жазылған өтініш пен оған тіркелген құжаттардан өтініш иелерінің бұл жерлерге ешқандай да құрылыс салмайтындықтары белгілі болған. Шымкентте жер алуға өтініш білдірген 52 мыңнан астам адамның кезекте тұрғанына қарамастан бос жерлердің бәрі «коттедж қалашықтарына» берілген, бірақ бұл жерлердің ешқайсысына құрылыс салынбаған. Мұндай деректердің жиырмасы тіркелген, ал салынғаны екі-ақ қалашық, қалған жерлер сатылып кеткен және сатуға дайындалған.
XS
SM
MD
LG