Accessibility links

Германия мен Ресей басшыларының кездесуі


Германия мен Ресейдің жоғары лауазымды ресмилері кеңесулер өткізу үшін бүгін Санкт-Петерборда жиналады. Келіссөздерге Германия канцлері Ангела Меркель мен Германия Сыртқы істер министрі Франк Уалтер-Штанмайер және Ресей президенті Дмитрий Медведев қатысады. Хабарларға қарағанда, кездесу барысында Грузиядағы атысты тоқтату жөніндегі келісімнің іске асырылу мәселесі талқылануы мүмкін. Тамыз айында Тбилиси Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетияны өз бақылауына күштеп алмақ болған кезде Ресей бұл аймаққа өз күштерін жіберген тұғын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG